Tennis Europe турнирі өз мәресіне жетті

Астанада 1 аптаға созылған Tennis Europe турнирі өз мәресіне жетті.

Таланттардың басын қосқан жарыстың іріктеуіне 64 спортшы қатысқан. Оның ішінде көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген спортшылар да бақ сынады.

tennis

Фото: astanasport.kz

Аталған дода екі санатта яғни, 14-16 жас аралығында өтті. Сайыстың негізгі кезеңінде 8 спортшы бақ сынап тартысты кездесу өткізді. Ерлер арасындағы жекелей сында Астана қаласының атынан сынға түскен  Аңсар Ниетқалиев 1-орын алса, 2-орынды Жантөре Санжарұлы қанжығалады. Ал, 3-орын үшін айқаста Хақнахар Жеткербай жеңімпаз атанды. 

tennis 2

Фото: astanasport.kz

Бұл жарыста нәзік жанды аруларымызда бой көрсетті. Қыздар арасындағы жарыста  2-орынды Тамина Сакен, 3-орынды  Kristina Kruchenko иеленді.Турнирде 1-орынға қол жеткізген Сара Хамитова болды.

tennis 3

Фото: astanasport.kz

Жарыстар жастарға арналған мүмкіндіктер көп болды. Солардың бірі жеңімпаздарға елден шықпай ақ, халықаралық ұпай жинау мүмкіндік қарастырылған.Жастарымызды жігерлендіріп, шеберліктерін арттыратын осындай додалар тоқтап қалмайды.

tennis 4

Фото: astanasport.kz

Болашақ жұлдыздар енді Қарағанды қаласында бақ сынайды.