Астанада қысқы триатлон чемпионаты өтті
Ақпанның 16 күні Астанада Триатлон саябағында қысқы триатлон бойынша жекелей және эстафеталық жарыстар өткізілді, - деп хабарлайды Астана Спорт Басқармасы.
Жарыс ережелері жазғы триатлонға ұқсас болды: жүгіру мен веложарыс қар үстінде өтіп, жүзу кезеңі шаңғы жарысымен алмастырылды. Қысқы триатлон үш кезеңнен тұрды: 2,5 шақырым жүгіру, 3 шақырым веложарыс және 2,5 шақырым шаңғы жарысы.
Жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысты, олардың арасында кәсіби спортшылар мен әуесқойлар да болды. 18 жастан асқан кез келген адам қатысуға мүмкіндігі болды, басты талап – медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы. Спортшылар үш кезеңді аяқтауға шамамен бір сағат уақыт жұмсады.

Фото: Астана спорт басқармасының телеграм каналынан
Эстафеталық жарыста бірінші орынды Тоханова М., Джердентапқанов Р. және Бекмағамбетов М. жеңіп алды.
Жарысқа қатысқан әрбір спортшыға естелік медаль табысталды. Бұл шара елорда әкімдігі, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Астана триатлон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Айта кету керек, бұл жарыс 2025 жылдың алғашқы рейтингілік сайысы болды, әрі Астана триатлон федерациясы қысқы триатлонды 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізуде.
