Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Солтүстік Кореямен кездеседі

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Түркияда екінші бақылау ойынын өткізеді.

  Бұл жолғы қарсылас Корей Халық-Демократиялық Республикасы.  Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

kaz

Фото: kff.kz сайтынан

Бұған дейін ұлтты құрама  «Локомотив» (Ташкент) клубымен жолдастық кездесу өткізіп 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Кездесудің 64-минутында Айбар Абдулланың айып алаңына асырған пасын Айбар Жақсылықов қақпаға дәл бағыттап, ойын есебін ашты. Матчтың аяқталуына 7 минут қалғанда қарсылас ойыншысы пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді.