Қазақстанның хоккейден құрамасы Азиада ойындарында финалға шықты
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азиада ойындарында Қытай мен Қазақстанның ерлер құрамалары арасында хоккейден матч өтті, - деп мәлімдейді Sports.kz.
Қазақстанның намысын қорғағандардың құрамында Шутов (Әмірбеков), Данияр Бекетаев, Старченко-Өмірбеков-Рымарев; Бреус-Гайтамиров, Савицкий-Лихотников-Панюков; Степаненко-Михайлов, Буяльский-Гренц-Оспанов; Королев-Бутенко, Колесников-Борисевич-Чапоров болды.

Фото: @olympickz ресми сайтынан
Есеп екінші кезеңнің соңында ашылды, бірінші шайбаның авторы - Роман Старченко. Кейін екінші шайбаны артын ұзартпай Дмитрий Гренц соқты. Соңғы минуттарда қытайлық құрамадан Ван Цзиня өз командасына ұпай сыйлады. Ойын аяқталуына 47 секунд қалғанда отандасымыз Дмитрий Бреус есепті 3:1 қылып, қазақстандық құраманы қытайлық командадан үстем етті. Осылайша, Олег Болякиннің шәкірттері сенімді түрде Азиада ойындарының финалына шықты.
