Бекзат Алмаханның қарсыласы белгілі болды

Бекзат Алмаханның келесі қарсыласы белгілі болды.

Отандасымыз 10-шы мамыр күні UFC 315 турнирі аясында Брэд Катонамен кездеседі. Бұл туралы файтер инстаграмдағы ресми парақшасында жариялады.

Канадалық спортшы 33 жаста. Бұған дейін 20 кездесу өткізіп тек 4 жекпе-жекте жеңілген. Соңғы рет UFC Fight Night 245 турнирінде Джин Мацумотомен күш сынасып қарсыласқа жол берген.Ал, Бекзат UFC дағы алғашқы жекпе-жегін  Умар Нұрмагомедовпен өткізіп жеңіліп қалған еді.

476823146 18486888787013678 3227147638968281572 n

Фото: bekzatalmahan инстаграм парақшасынан

Сонымен қатар бұл турнирде Шавкат Рахманов Белал Мұхаммадпен белбеуді сарапқа салуы мүмкін.