Қазақстан құрамасы шаңғыдан қола еншіледі
Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында құрама қоржынын тағы бір медальмен толықтырды, - деп мәлімдеді Sport.kz.
Шаңғышылар 4х7,5 шақырымдық жарыста «қола» медальді жеңді. Ел намысын қорғағандар қатарында Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев болды. Олар қытайлық және жапондық командаға 45,1 секундқа есе жіберіп, жүлделі үшінші орынды иеленді.

Фото: @olympickz ресми сайтынан
Дәл осы спорт түрінен бүгін Қазақстанның әйелдер құрамасы «күміс» ұтты.
Әзірше Азия ойындары – 2025 бойынша елімізде 15 медаль бар: 3 – алтын, 7 – күміс және 5 қола. Айтулы шара ақпанның 14-і аяқталады.
