Қазақстан құрамасы 14-ші медальін ұтты
Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбинінде өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті медальін еншіледі.
Шаңғыдан жарыс бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы 4х5 шақырымдық эстафетада «күміс» медаль иеленді.

Фото: @olympickz ресми сайтынан
Біздің құраманың құрамында Ксения Шалыгина, Камила Елгазинова, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина ел намысын қорғады.
Бұл тартысты додада қытайлық команда үздік шығып, «алтын» жеңді, «қола» медальді жапондық команда алды.
