Қазақстан Азиадада бірден «алтын» мен «күміс» иеленді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында екі атыс шекарасы бар 10 шақырымдық ерлер биатлон спринті өтті, - деп мәлімдейді Sports.kz.

Додалы жарыста қазақстандық спортшы Владислав Киреев жеңімпаз атанды. «Күмісті»  тағы бір қазақстандық спортшы Вадим Куралес қанжығалады. Ол 25.7 секундқа кеш келді.  «Қола» қытайлық Гу Цанға бұйырды (+29.7).

Қазақстан Азиадада бірден алтын мен күміс иеленді

Фото: @olympickz ресми сайтынан

Әсет Дүйсенов алтыншы орынды, ал Александр Мухин жетінші орынды иеленді.

Осылайша, Азиада-2025 додасы бойынша қазір Қазақстанның қоржынында 13 медаль бар, оның ішінде 3 «алтын», 6 күміс және 4 қола жүлде бар. Харбинде өтіп жатқан Азия ойындары  ақпанның 14-і аяқталады.