Қазақстан тарихта тұңғыш рет фристайл-акробатикадан «алтын» ұтты
Фристайл-акробатика спортынан қазақстандық спортшылар Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев Харбиндегі Азия ойындарында синхронды секіру бойынша үздік өнер көрсетіп, жеңімпаздары атанды,
- деп мәлімдейді Sports.kz. Олар қытайлық қарсыластарын артта қалдырып, 97.92 ұпаймен алға шықты.

Фото: @olympickz ресми сайтынан
Тағы бір қазақстандық дуэт Асылхан Асан мен Дінмұхамет Райымқұлов төртінші орынға ие болды (83.96).

Фото: @olympickz ресми сайтынан
Қазақстан үшін бұл жетістік ағымдағы Азиада ойындарындағы екінші «алтын» болды.

Фото: @olympickz ресми сайтынан
