Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғайды
Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чнмпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды.
Отандасымыз 5-сәуір күні Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгумен жұдырықтасады. Бұл туралы боксшы өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында мәлім етті.

Фото: janibek_alimkhanuly инстаграм парақшасынан
Сонымен қатар, жазбада «Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5-сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік», - делінген.
