Азиада-2025: шайбалы хоккейден ерлер және әйелдер құрамасы сенімді жеңіске жетті
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде.
Алдымен ерлер құрамамыз алғашқы кездесуін Таиланд құрамасына қарсы өткізді. Тартысты өткен бұл матчта ерлеріміз намысты қолдан бермей, 12:0 есебін тіркеді.

Фото: Olympic.kz ресми сайтынан
Кейін арулармыз В тобындағы екінші ойында Таиланд құрамасымен кездесті. Бұл кездесуде қыздарымыз қарсылас қақпасына 9 гол соғып, сенімді жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының шабуылшысы София Зубкова ойында 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Мунира Саяхатқызы, Александра Шегай, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова және Анна Пяткова 1 голдан салып көзге түсті.

Енді құрама келесі ойынын 6 ақпан күні Тайваньға қарсы өткізеді.
