«Елімай» ақпан айында бес жолдастық кездесу өткізеді.

«Елімайдың» Түркиядағы  оқу-жаттығу жиынында кездесетін қарсыластары белгілі болды.

Бұл туралы Семейлік клуб инстаграмдағы ресми парақшасында мәлім етті.

elimai

Фото: @fc_elimai инстаграм парақшасынан

Команда Өзбекстан, Ресей және Грузия клубтарымен кездеседі. Нақтырақ айтқанда

6 ақпан – «Елімай» vs «Бухара» (Өзбекстан)

7 ақпан – «Елімай» vs «Арсенал» (Тула, Ресей)

11 ақпан – «Елімай» vs «Балтика» (Ресей)

17 ақпан – «Елімай» vs «Нефтчи» (Өзбекстан)

21 ақпан – «Елімай» vs «Самтредиа» (Грузия)

elimai 2

Фото: @fc_elimai инстаграм парақшасынан

Сонымен қатар жазбада ««Рубин» футбол клубының оқу жаттығу жиындағы өзгерістеріне байланысты жолдастық кездесу өтпейді. Ақпан айын ресейлік Арсеналға қарсы ойынмен бастаймыз» делінген.