Қазақстандық керлингшілер Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындарында бақ сынайтын Керлингшілер алғашқы кездесулерінде жеңіліс тапты.

Бірінші болып аралас құрамамыз бақ сынады.

Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғайды.

Изображение WhatsApp 2025 02 04 в 16.46.29 4d08acc5

Фото: ҚазАқпарат сайтынан

В тобының бастапқы турында спортшылар 2022 жылғы Олимпиадаға қатысқан Қытай спортшылары Хань Юй мен Ван Чжиюймен кездесті.

Кездесуде отандастарымыз 5:11 есебімен жеңіліс тапты. Енді спортшылар келесі кездесуін 5 ақпанда Оңтүстік Корея және Қатарға қарсы өткізеді.

Сонымен қатар тобымызда Қырғызстан, Филиппин құрамаларыда бар.