Рыбакинаның жаңа бапкері белгілі болды
Рыбакинаның жеке бапкері ауысты.
2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина бапкер Давиде Сангинеттимен жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жайлы Рыбакина Абу-Дабидегі пресс-конференция кезінде мәлімдеді.

Фото: Olympic.kz сайтынан
Бұған дейін Сангвинетти Динара Сафинамен бірге жұмыс істеген. Сондай-ақ, Винсент Спайд, Го Соэда, Райан Харрисон, Ву Ди, Брэндон Накашима, Майкл Венус және Джон Пирсті баптаған.
Сонымен қатар, жазбада «Еленаның бұрыңғы бапкері Стефано Вуковты тергеп жатыр. Хорватиялық маман зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілініп отыр», делінген.
