Альваро Мората жаңа чемпионатқа ауысты

Ресми: Альваро Мората  – «Галатасарай» ойыншысы.

Түркиялық клуб 32 жастағы испаниялық шабуылшыны 2026 жылдың қаңтарына дейін жалға алды.

Сонымен қатар, келісім шартта 8 миллион еуроға міндетті сатып алу құқығы қарастырылған.

morata

Фото: @galatasaray инстаграм парақшасынан

Оны 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін жүзеге асырмаса, жалда ойнау мерзімі ұзартылып, сатып алу құны 10 млн еуроға көтеріледі. Айта кетейік, Мората «Милан» сапынан «Атлетико Мадридтен» 13 миллион еуроға ауысып келген болатын. Осы аралықта 16 ойынға қатысып, 5 ойында голмен көзге түсті.