Абат Айымбетов Түркия Суперлигасындағы кезекті голын соқты

Түркия Суперлигасының 22-турында «Адана Демирспор» өз алаңында «Қасымпашаны» қабылдап, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Аталған кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов керемет гол соқты. Айымбетов алаңға негізгі құрамда шығып, матч соңына дейін ойнады.

Кездесу барысында отандасымыз үш ойыншыны қапыда қалдырып, Али Эмре қорғаған қақпадан саңылау тапты. Дегенмен, бұл гол командасына көмегін тигізбеді.

abat

Фото: @aimbetov9507 инста парақшасынан

Абат биылғы маусымда аданалық клуб сапында 17 матч өткізіп, 4 гол соқты. Ал, «Адана Демирспор» 21 ойыннан кейін небәрі 5 ұпай жинап, турнирлік кестенің ең соңғы сатысында тұр.