Әли Әлиев Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы
Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды.
Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында «ЦСКА-Қайрат», «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шығыс», «Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диарбакырспор» командаларында өнер көрсеткен.

Фото: Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан
1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында алғашқы матчын 2002 жылы Эстонияға қарсы өткізді. Бапкерлік мансабын 2014 жылы «Ордабасы» сапында ойыншы әрі бапкер ретінде бастады. 2018 жылы футболшы мансабын аяқтаған соң Петропавлдың «Қызылжар» клубының тізгінін ұстап, Премьер-лигаға шығарды. Айта кетейік, Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бас бапкердің көмекшісі болады.
