Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды

Еуропа лигасының жалпы кезеңі аяқталып, плей-оффқа жолдама алған командалар анықталды.

Жаңа формат бойынша 1-8-ші орын алған командалар 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Бұл мүмкіндікке  «Лацио» (Италия), «Атлетик» (Испания), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Тоттенхэм» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Лион» (Франция), «Олимпиакос» (Грекия), Рейнджерс (Шотландия) командалары ие болды.

475721532 18343314031159022 2375524850333617536 n

Фото: @europaleague инстаграм парақшасынан

9-дан 24-ші орынға дейінгі командалар плей-офф матчтары арқылы 1/8 финалға жолдама алу үшін таласады. Олар: Бодо-Глимт (Норвегия), Андерлехт (Бельгия), Стяуа (Румыния), Аякс (Нидерланды), Реал Сосьедад (Испания), Галатасарай (Түркия), Рома (Италия), Виктория (Чехия), Ференцварош (Венгрия), Порту (Португалия), AZ (Нидерланды), Мидтьильланд (Дания), Юнион (Бельгия), ПАОК (Грекия), Твенте (Нидерланды), Фенербахче (Түркия).