Асу Алмабаевқа жаңа қарсылас табылды
Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы белгілі болды.
Бұған дейін Асу 1-наурыз күні Лас-Вегаста UFC Fight Night 253 турнирінде Стив Эрцегпен күш сынасатын. Алайда қарсылас жекпе-жектен бас тартқаны мәлім болды.

Фото: @asu_zulfikar57 инстаграм парақшасынан
Енді қазақстандық жауынгердің жаңа қарсыласы бразилиялық Аллана Насименто (20-6) болады. Аллан мансабындағы бірде-бір жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңілмеген. Ал, соңғы рет 2023 жылдың басында Карлос Эрнандеспен (9-2) жекпе-жек өткізіп, тұншықтыру әдісімен жеңді.

Фото: ufc.ru сайтынан
Асу болса соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізген еді. Ол кезде Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешіммен жеңіп, өз салмағында үздік ондықтың қатарына енді.
Айта кетейік жауынгерлер 1-наурызда емес 2-ші наурызда өтетін UFC Vegas 103 турнирінде октагонға шығады.
