Анна Данилина Аустриядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Линц (Аустрия) WTA 500 турнирін сәтті бастады.

Қазақстандық теннисшінің турнирдегі жұбы ресейлік Ирина Хромачева болды. Қазақстандық-ресейлік жұп алғашқы айналымда чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Шкохпен ширек финалдық жолдаманы сарапқа салды. Нәтижесінде  6:4, 6:4 есебімен жеңіс отандасымыздың еншісінде кетті.

Анна Данилина 2

Фото: @_annadanilina_ инстаграм парақшасынан

Енді, Анна Данилина – Ирина Хромачева жұбы жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Анастасия Потапова – Яна Сизиковамен күш сынасады.