Неймар «Әл-Хиләлден» кетті

Танымал Бразилялық футболшы Неймар Жуниор Саудиялық клубтан кетті. 

Футболшы «Әл-Хиләл» сапына 2023 жылы қосылған болатын.

470091787 854014130006814 575429582273020127 n

Фото: @neymarjr инстаграм парақшасынан

Тіпті бұл трансфер футбол әлемін дүр сілкіндіріп, Сауд Про-лигасына жанкүйерлердің қызығушылығын арттыра түсті.  Клуб ол үшін 90 миллион еуро төлеп, 25 бөлмелі зәулім сарай, ең жоғарғы жалақы ұсынды. Бірақ, бұл ауысым 32 жастағы вингер үшін сәтсіз қадамдардың бірі болды. Неймар  2 маусым ішінде бар жоғы жарақатына байланысты жеті ойынға қатысқан. Атақты футбол инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше Неймар туған клубы «Сантосқа» ауысады.