«Барыс» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді
«Барыс» он екі жеңілістен кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық клуб кеше Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Сибирь» командасына қарсы өткізді. Алғашқы болып Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері есеп ашты. Ойынның 9-минутында Виктор Антипин «Барысты» алға шығарды. Кейін қарсылас команда қатарынан екі шайба соғып, таблодағы есепті теңестіріп қана қоймай алға шықты. Шайба авторлары Владимир Бутузов және Павел Гоголев болды. 16 минутта «Барыс» хоккейшісі Никита Сетдиков есепті теңестірді. Дегенмен бұл есеп ұзаққа созылмады.

Иллюстрация elements.envato.com сайты арқылы жасалды
Екінші кезең басталысымен «Сибирь» бір шайба алға шығып, жеңіске жақын болды. Кездесудің бітуіне санаулы минут қалғанда Никита Сетдиков командасын жеңілістен сақтап қалды. Осылайша тартысқа толы кездесуде жеңімпаз анықталмай қосымша уақытқа жалғасты. Ал, овертаймда Қазақстандық клубтың жолы болды. Никита Сетдиков хет-трик авторы атанып «Барыстың» 12 матчқа созылған сәтсіз сериясын тоқтатты.
