Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті.
Бұл туралы футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Ресейлік маман ұлттық құрама тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Фото: ҚФФ ресми сайтынан
«Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті. Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр», - делінген Федерация таратқан хабарламада.
