Теннистен қазақстан әйелдер құрамасының ӘЧ-дағы қарсыластары белгілі болды

Командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі мәлімдеді. Ұлттық құрамамыз биыл әлем чемпионатының іріктеу сайысында D тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз Аустралия және Колумбия құрамалары. Әлем чемпионатындағы кездесулер 2025 жылдың сәуір айына жоспарланған.

Биыл Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне 12 емес, 8 команда қатысады. Алты топтың жеңімпаздарына турнир қожайыны Қытай мен 2024 жылғы әлем чемпионы Италия қосылады. 

Теннис 2

Иллюстрация elements.envato.com сайты арқылы жасалды

Әр топта екінші және үшінші орын алған командалар плей-офф кезеңінде аймақтық топтық турнирлердің үздіктерімен сынға түседі. Плей-офф кезеңінде топтарда үш командадан ойнап, жеңімпаздары 2026 жылдың іріктеу сатысына жолдама алады.