Қазақстанда бокстан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады.
Әлемдік алыптардың басын қосып, рейтингтік ұпайды сарапқа салатын жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Осы доданың екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылмақ.

Иллюстрация elements.envato.com сайты арқылы жасалды
Бұдан бөлек Бразилия мен Үндістанда да осындай жарыс өткізіледі. Ал, финалдық бәсекелер қараша айына жоспарланған. Сонымен қатар 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.
