Бақтияр Зайнутдинов жаңа бапкердің тізгінінде алғашқы матчына қатысты

«Бешікташ» Еуропа лигасының 7-турында  «Атлетик Бильбаоны» өз алаңында қабылдады.

Оле-Гуннар Сульшер тізгіндеген стамбулдық ұжым Испаниялық клубты 4:1 есебімен тізе бүктірді. Кездесу барысында алғашқы голды Милот  Рашица (17 минут) соқса Атлетик сапынан Унай Гомес (45 минут) есепті теңестірді. Дегенмен алаң иелері екінші таймда басымдықты өз қолдарына алды. Ойынның 60 минутында Милот Ращица дубль авторы атанды. Португалиялық шабуылшы Рафа Силва 77 минут қырандардың басымдығын арттырды. Ал төреші қосқан қосымша уақытта ойынның нүктесі қойылды.

мяч3

Иллюстрация elements.envato.com сайты арқылы жасалды

90 минутта Семих Қылышсойға қарсы ойын ережесі бұзылып 11 метрлік айып добы белгіленді, оны орындауда Жоау Мариу мүлт кетпеді. Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Бақтияр Зайнутдинов осы ойында бой көрсетіп жаңа бапкердің келуімен алғашқы матчына қатысты. Отандасымыз ойынды қосалқы құрамда бастап, 69 минутта Артур Масуакумен алмастырылды. Айта кетейік Стамбулдықтар 30 қаңтар күні соңғы турда «Твентемен» күш сынасады.