Түркістан облысының Төле би ауданындағы Көксәйек ауылында жасөспірімдер мен жастар арасында өткізілген Құсбегіліктен XVI Қазақстан чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Астана спорт басқармасы.
Тұманды және қолайсыз ауа райына қарамастан, құсбегілер жарысқа жоғары деңгейде дайындалып, шеберліктерін көрсетті.
Жарыс екі күнге созылды. Алғашқы күні жасөспірімдер арасында 22 бүркіт, 27 қаршыға және 10 ителгі қатысып, ал екінші күні жастар арасында 22 бүркіт, 21 қаршыға және 9 ителгі бақ сынасты.
Астана қаласының спортшылары чемпионатта жақсы нәтижелер көрсетті. Жасөспірімдер арасында бүркіт ұшырудан Серікбекұлы Ерасыл алтын медаль жеңіп алды. Қаршыға ұшырудан Кунтуған Диас, ал ителгі ұшырудан Серікбекұлы Ерасыл үздік үштікке енді.

Фото: Астана спорт басқармасының телеграм каналынан
Бұл чемпионатқа еліміздің 9 облысынан және екі ірі қаласынан (Астана мен Алматы) келген құсбегілер ұлттық өнерімізді таныстырып, өзара мықтыны анықтады.
